Орал қаласында Республикалық ХІІ жазғы оқушылар гимназиадасы өтіп, оған Құрманғазы ауданынан барған Б.Бегалиев атындағы орта мектептің оқушылары командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.
Республиканың түкпірінен дарындылар жиналған гимназиядағы Бергалиев жалпы орта мектебінен апалы-сіңілі Айару, Амира ЕСЕНҒҰЛ және Елеусін ЕРАСЫЛ аттанған болатын.
- Бірінші сыныпты енді ғана тәмәмдаған Айару ел чемпионатында дойбыдан бірден үш медальды иеленіп, Қазақстан чемпионы атанған болатын. Ал оның 9 жасар бауыры Амира дойбыдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, - деп хабарлады Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира ТҰҢҒАТАРОВА.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ