Құлсары қаласында масаға қарсы дезинсекция жұмыстары қарқынды жүруде. Бұл жұмысты мемлекеттік сатып алу порталының келісім шартына сәйкес, жеке кәсіпкер «Мұздыбаева» жүргізуде.
«Қазіргі уақытта жеке кәсіпкер «Мұздыбаева» Құлсары қаласының 3-ықшам ауданында маса улау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Дезинсекция жұмысы аясында қаладағы барлық көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелері мен дәліздері қамтылады. Жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде», - деді Құлсары қаласының әкімі Қадіржан АДИНОВ.
Бұл жұмысқа екі бригада мен екі бірлік техника жұмылдырылып, бюджеттен 5 млн 333 мың теңге бөлінді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА