«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Қазақстандағы «ЭксонМобил» компаниясының басқарушы директоры Сесиль Ролинмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Кездесуде Теңіз және Қашаған жобаларын іске асырудың қазіргі мәртебесі, отандық мұнай химиясын дамыту және қазақстандық қамту мәселелері талқыланды.
А. Хасенов ҚазМұнайГаз бен ЭксонМобил арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту бағытының өзгермейтіндігін атап өтті. Америкалық компания тарапынан ҚМГ іске асырып жатқан жобалары мен жаңа бастамаларына қолдау көрсетілетініне сенім білдірді.
Анықтама:
«ЭксонМобил» компаниясы Қазақстанда 1993 жылдан бері жұмыс істейді. Теңіз және Королев кен орнын игеріп жатқан «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) үлесінің 25%, Қашаған алып кен орнын қамтитын Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім аясында 16,81%, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумында 7,5% иеленеді.