Атырау, 24 қараша 04:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

3:0 – «Атырау» «Шахтерді» жеңді

651 просмотра

Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында футболдан ҚР чемпионатының 11-турының матчы аттас футбол клубы мен «Атырау» командасы арасында өтті.

«Шахтер» қазір турнирлік кестеде 13 орынның 12-ші орнында тұр. Дегенмен, қонақтар қарсыласымен жекпе-жекке өте байыппен кірісті. Комментаторлар атап өткендей, қазір «Атырау» командасында алты легионер бар, яғни, жазғы трансферлік терезеде тағы 11 ойыншыны жалдай аламыз. Командалар алаңда 27 рет кездесіп, оның 11-інде тең ойнап, екеуі де сегіз мәртеден жеңіске жеткен.

Бұл матчтағы алғашқы голды алаң иелері соқты. «Шахтер» ойыншысы Шыңғыс Флюк айып алаңына жүгіріп келіп, сол жерге құлады да, доп оның денесіне тиіп, қақпаға кірді. Бұл голға атыраулық ойыншылар наразылық танытып, WAR гол соғылмағанын нұсқады. Төреші мұның гол емес екенін растады. Бірақ содан кейін қонақтар соққан үш гол мінсіз болды. Олардың авторлары: Педру Эужениу, Наурызбек Жагоров және Игорь Стасевич. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Сурет: kazfootball.kz

18 маусым, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.