Атырау, 10 қазан 16:10
 дождьВ Атырау +24.3
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

Бес айда Атырау облысының бюджетіне 15 миллиардтан астам «экологиялық» теңге өндірілді

1 005 рет қаралды

Бұл туралы Мемлекет басшысы өңірдегі қолайсыз экологиялық ахуалға назар аударған Ұлттық құрылтай отырысында белгілі болды.

Облыс прокуратурасы табиғатты қорғау заңнамасы саласында жүргізген тексеру аясында экологиялық рұқсатсыз 5 млн м3 көлемде шикі (күкіртті) газдың шектен тыс көлемін жағуға жол берген атауы аталмаған жер қойнауын пайдаланушыдан 12,2 млрд теңге көлемінде сома өндіріп алды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен кінәлі ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі («Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу») бойынша жауапқа тартылды.

Қалған қаржыны қай кәсіпорын өтегені де айтылмады, бірақ тағы 3 миллиард теңге экологиялық құқық бұзушылық аясында өтелді, деп хабарлайды Атырау облысының прокуратурасы.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

18 маусым 2024, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.