Жылыой аудандық полициясы прокурорлық тексеруден кейін сотқа дейінгі тергеумен айналысты.
Естеріңізге салсақ, сәуір айында бірқатар өңірде прокуратура елді мекендерді жаппай су басуына, жолдардың, көпірлердің, гидротехникалық құрылыстардың қирауына нақты не себеп болғанына қызығушылық танытқан еді...
Сөйтіп, атап айтқанда, бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын, су тасқынының алдын алу жоспарларының уақтылы және толық орындалуын зерделеуге кірісті.
"АЖ" сауалына Атырау облысының прокуратурасы Жылыой ауданында «жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының өз міндеттерін тиісінше орындамауынан туындаған салғырттықтың екі дерегі тіркелгенін» хабарлады.
Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі бойынша («Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Тағы бір іс төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты (ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).
«Шешім қабылдау үшін материалдар Жылыой полиция бөліміне жолданды», - делінген қадағалау органының жауабында.
Лев ГУЗИКОВ