Италияның Калабрия жағалауында мигранттар мінген қайық аударылып, 1 адам қаза тапты, 12 адам құтқарылды, шамамен 50 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Euronews-ке сілтеме жасап.
Италияның жағалауында кеме апатынан 1 адам қаза тауып, 50 адам із-түссіз жоғалып кетті. Жағалау күзетінің мәліметінше, Франциядан шыққан серуендік қайықта заңсыз мигранттар болған және ол Италия жағалауынан 120 миль қашықтықта, Грекия мен Италия арасындағы бейтарап суларда аударылған.
«12 тірі қалған мигрант сауда кемесімен құтқарылып, кейін жағалау күзетінің қайықтарына ауыстырылды. Олар Роккелла-Ионикаға, Оңтүстік Италияның Калабрия аймағына жеткізілді. Мигранттардың бірі келген бойда қаза тапты. Із-түссіз жоғалғандарды іздестіру жалғасуда. Қайық болжам бойынша, Түркиядан шыққан», - делінген агенттіктің хабарламасында.