9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 1991 ж.т., әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдікті ұсталды.
Атырау облысы полиция департаменті қызметкерлерінің кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде ер адам Ақтау қаласында ұсталды. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс тергелуде.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске салсақ, оған бұған дейін іздеу жарияланған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА