Атырау, 24 қараша 04:19
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚМГ мен КПО Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысын талқылады

603 просмотра

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 14 маусымда Астанада Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясының Бас директоры Марко Марсилимен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Тараптар Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газды қайта өңдеу зауытын салу жобасының ағымдағы жағдайын талқылады.

Сондай — ақ, қазіргі уақытта өндіру деңгейін жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін кен орнының операторы Қарашығанақты кеңейту — қаттық қысымды ұстау және қаттың мұнай беруін арттыру мақсатында қатқа газды кері айдаудың қосымша 5-ші және 6-шы компрессорларын орнату жобасы іске асырылуда. Батыс Еуропаның қазақстандық көмірсутектерге сұранысы аясында Қарашығанақ мұнайын экспорттау тақырыбы да қозғалды.

Былтыр Қарашығанақ мұнайы 1 млн тонна шамада «Қазтрансойл» және «Транснефть» көлік жүйелеріне бойынша алғаш рет  Германияға тасымалданды. 2024 жылдың  5 айынында 500 мың тонна мұнай жеткізілді.

Қазіргі уақытта 2024 жылдың соңына дейін  көлемі 1 млн-нан астам тонна мұнай тасымалданады деп болжануда. 

Тараптар кездесу қорытындысында бұл бағыттың өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында жалғасатынан мақұлдады.

17 маусым, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.