Сарайшық ауылы тасқын судан археологиялық қазба орындарын аман сақтап қалды, деп хабарлайды Атырау обылсының ТЖ жөніндегі жедел штабы.
Қазіргі уақытта тарихи орында қазба жұмыстары басталып кеткен.
- Жайық жағасында қазба жұмыстары жүруде. Археологиялық жұмыстарға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінен 18 студент, Батыс Қазақстан облысы университетінен 22 студент, Сарайшық музейінен 3 археолог қатысуда. Қазба жұмыстары шілде айына дейін жалғасады, - деді Сарайшық ауылдық округінің әкімі Жанат КЕНЖЕҒАЛИЕВА.
Бұған дейін тарихи Сарайшықтың су астында қалу қаупі бар екені хабарланған болатын. Еске сала кетелік, Сарайшық ауылдық округі бойынша 13,6 шақырым бөгет соғылды.