Атырау, 21 қараша 20:18
 ашықВ Атырау +3
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

ҰБТ: Атырау облысында заң бұзушылық жоқ

587 просмотра
"АЖ" мұрағатынан

Қазақстан бойынша заң бұзғандар қатарында ұлттық бірыңғай тестілеуге смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды әкелмек болған 94 талапкер бар. Бұл тұрғыда Атырау облысының талапкерлері адал болып шықты – бүгінде оладың қатарында заң бұзушылық анықталған жоқ.

Негізгі ҰБТ басталғалы облыс бойынша барлығы 3,3 мыңнан астам адам сынақ тапсырған. Атырау облысы бойынша барлығы 6138-ге жуық талапкер тестілеуге қатысуға өтініш білдірді. Оның 75,7 пайызы қазақ тілінде, 24,1 пайызы орыс тілінде, 11 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтуге ниет білдірді.

ҰБТ басталғалы талапкерлердің 73%-ға жуығы шекті баллға қол жеткізді. Орташа баллға келетін болсақ, ол 66 ұпайды құрады. Мақат ауылы орта мектебінің түлегі Әмина ТЕМІРБОЛАТҚЫЗЫ жалпы 136 ұпайдан 133 ұпай жинап, ерекшеленді.

Айта кетерлігі, ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге қолайлы жағдай жасалудың арқасында 4 апта ішінде ҰБТ-ға ерекше білім беруді қажет ететін 16 талапкер қатысты.

Атырау облысында ұлттық бірыңғай тестілеу 28 маусымға дейін жалғасады.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

17 маусым, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.