9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінде 33 жастағы әйел адамды өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.
Күдіктінің жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестірудің кешенді шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Қазіргі таңда күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде тұрғандығы анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА