Ақтөбе гарнизонының әскери сотында өзіне сеніп тапсырылған қарумен әскери қызметін тастап, қашқындық жасау, автокөлікті айдап кету және қарақшылық жасау фактілері бойынша (ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша) айыпталған қатардағы жауынгер Молдавскийге қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта сотталушы әскери қызметтің ауыртпалығына төтеп бере алмай, өзіне сеніп тапсырылған қызметтік қарумен әскери қызмет орнынан қашып кеткені анықталды.
Әрі қарай, өз еркімен бөлімнен қашу кезінде, жол жиегіндегі жәбірленуші «А»-ның басқаруындағы автокөлікті көріп, өзіне сеніп тапсырылған қарумен қорқытып, оған өзі көрсетілген бағытта жүруді талап еткен.
Көрсетілген жерге келгеннен кейін, ол соңғысының сыртқы киімін иемденіп, қылмысты жасау жерінен бой тасалаған. Оқиға орын алған күні сағат 13.00 шамасында қатардағы жауынгерді әскери полиция қызметкерлерін ұстаған.
Сотталушының кінәсі оның сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындау түрінде процестік келісім жасауымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, жәбірленушілер және куәлардың айғақтарымен дәлелденді.
Сот үкімімен сарбаз ҚК-нің 442-бабының 2-бөлігі, 192-бабының 1-бөлігі, 200-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар сотталғаннан іс жүргізу шығындары және Жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.