Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігінің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, азаматша А. «В контакте» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына діни мазмұндағы суретті ашық жүктеп, жариялаған. А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, маман қорытындысымен, сауалнама хаттамасымен расталды.
Сот қаулысымен әйел әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қызметiн үш ай мерзімге тоқтатып, 129 220 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу жазасы берілді.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ