Бүгін, 14 маусымда таңғы сағат 9.00 шамасында төрт жасар ұл бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен.
Атырау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, сәби сол жерде көз жұмған. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігі («Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау») бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА