Атырау, 24 қараша 04:21
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда бірінші сыныпқа баратын балаларды мектепке қабылдау бойынша тығырыққа тірелді

780 просмотра

«Ақ Жайық» газетінің редакциясына Авангард 4-ықшамауданының тұрғыны проблемамен хабарласты: ата-ана құжат қабылдау уақыты әлі бітпесе де, тіркелген мекенжайы бойынша №16 мектеп-лицейге баласын бірінші сыныпқа рәсімдей алмай жүр екен.

«АЖ» сауалына Ж.Қаражігітов атындағы №16 мектеп-лицейінің директоры Ақмарал ЕРМЕКОВА білім беру мекемесінде орын болмауына байланысты баланы қабылдай алмайтынын айтты.

«Мектептің жобалық қуаты 784 оқушыға арналған. Қазіргі уақытта мекемеде 2403 оқушы білім алуда, бұл жобалық қуаттан 834 балаға артық.

2024-2025 оқу жылына білім беру мекемесінде алты бірінші сынып: қазақ тілінде оқытатын үш сынып және орыс тілінде оқытатын үш сынып ашу жоспарлануда. Бірінші сынып оқушыларының саны – 150 бала. Типтік қағидалардың 10-6 тармағына сәйкес, сынып жинақтары толған жағдайда көрсетілетін қызмет беруші өтінішті қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Қазіргі уақытта оқушылардың шамадан тыс көп болуына байланысты бірінші сыныпқа қабылдау аяқталды».

Ал, редакция нөміріне осыған ұқсас көп қоңырау түсті. Алайда, қалалық білім бөліміне қойылған – қаладағы бірінші сыныпқа баратын балаларды тіркелген жері бойынша өз мектебі қабылдамаса, ал басқа аудандағы мектеп аумақтық себеппен қабылдамаса, не істеу керек деген сауал жауапсыз қалды.

Қалыптасқан жағдай - баланың білім алу құқығын бұзу екенін айта кеткен жөн.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

14 маусым, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.