Атырау, 24 қараша 06:50
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Махамбет ауданында су басқан шаруа қожалықтарынан өтемақы алуға өтінім қабылдау басталды

700 просмотра

Тасқын су кезінде 100-ге жуық шаруа қожалықтары зардап шекті.

"Қазіргі уақытта қожалықтардан өтінім қабылдануда. Арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Заңдылыққа сәйкес, суда қалған қожалықтар әбден құрғатылғаннан кейін тиісті зерделеу, бағалау жұмыстары жалғасатын болады. Тасқын күтілген уақытта барлық қожалықтарға ескерту берілген болатын" деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Айта кету керек, тасқын кезінде Махамбет ауданында елдімекендерді су басқан жоқ.

Тасқыннан қорғану мақсатында 100 шақырымнан астам қорғаныс бөгеті салынды. Махамбет ауданында Жайық өзенін жағалай орналасқан 17 елдімекен бар.

13 маусым, сағат 12.00 жағдай бойынша, Махамбет ауданындағы су деңгейі 9 метр 77 см құрады.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

13 маусым, 16:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.