Атырау, 24 қараша 06:44
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда қауіп қайтқан аумақтарда қапшықтар жиналып жатыр

695 просмотра

Қазіргі уақытта Жайық өзенінің орталық көпір, Авангард ықшамаудандарындағы жағалау бойындағы құм толтырылған қапшықтар жиналып жатыр.

Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз-хатшысы Ғасырбек Төлегеннің мәліметінше, қапшықтардағы құмдар кезінде топырақ алынған карьерлерге қайта төгілуде. Бұл жұмыстарды учаскелерге арнайы бөлінген мекемелер атқаруда.
«Атырау қаласы бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі төмендеп келеді. Бірнеше күннен бері судың деңгейі қайта көтерілген жоқ. Сол себепті, Атырау қалалық әкімдігі тасқын су басу қауіпі жоқ аумақтардан қапшықтарды жинау жұмыстарын қолға алды» деді спикер.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

13 маусым, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.