Қазіргі уақытта бұл ірі жоба әлі де жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірлеу сатысында.
Еске салсақ, әкімдік Сәтпаев даңғылының алдағы ауқымды қайта жарақтау жұмыстары туралы жыл басында хабарлаған болатын. Жоба, атап айтқанда, екі бағыттағы үш жолақты қозғалысты ұйымдастыру, іргелес аумақты абаттандыру және көгалдандыруды көздейді.
Бізге Атырау қаласы әкімдігінен хабарлағандай, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, бірақ аяқталу сатысында болғандықтан, нақты мерзімдер мен сомалар туралы айту әлі ерте. Құжаттама осы айдың соңына дейін дайын болып, кейін мемлекеттік сараптамаға жіберілмек. Оң қорытынды алынса, тендерлік процедуралар басталады.
Жобалық-сметалық құжаттаманы жергілікті билікпен жасалған меморандум аясында «Envicon-A» ЖШС тегін дайындайды.
Лев ГУЗИКОВ