Атырау, 24 қараша 06:55
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ҚМГ-дағы бірқатар кадрларды тағайындау

804 просмотра

Petrouncil.kz ҚМГ құрылымындағы бірқатар тағайындаулар туралы хабарлайды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аппарат басшысы Ерхан ОМАРОВ қызметінен кетіп, «KMG PetroChem» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Омаров Ерхан Қазақ мемлекеттік көлік және коммуникациялар академиясын «инженер-механик» мамандығы бойынша және Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында жетекші маман (2001-2003 жж.) болып бастаған.

2003 жылдан 2008 жылға дейін «Ремсервис» ЖШС және «Тазалық» КМК директоры, «Ақтөбе қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы болған.

2008 жылдан 2012 жылға дейін - Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары және Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдан 2015 жылға дейін - Ақтөбе қаласының әкімі.

2015 жылдан 2021 жылға дейін - ҚР Премьер-Министрінің кеңсесінде бас инспектордан басшының орынбасарына дейінгі лауазымда жұмыс істеді.

2022 жылдан 2024 жылдың маусымына дейін – «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ аппарат басшысы.

ҚМГ аппаратының жаңа басшысы болып Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ тағайындалды. 

Әлимұхаммед түрлі жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Атырау облысы Махамбет ауданының әкімі, Атырау қаласының әкімі, Жылыой ауданының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

Соңғы лауазымы – ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.

12 маусым, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.