Атырау, 24 қараша 06:53
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атамбаев көшесіндегі СТГ ғимараты республикалық бюджет есебінен қайта жаңартылады

656 просмотра

Қала орталығындағы Атамбаев көшесінде орналасқан заманауи техникалық гимназияның (СТГ) ғимараты жеті жыл жарамсыз боп тұрғаннан кейін жөнделіп, пайдалануға берілмек.

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВАНЫҢ айтуынша, СТГ №38 мектеп-лицейінің балансына өткендіктен оқушыларды қайта қабылдайды. «Ақ Жайық» редакциясының сауалына берген жауабына сүйенсек, мерзімі мен сомасы айтылмағанымен, қазіргі уақытта мектепте қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетіні шешіліп қойған. Айтпақшы, күрделі жөндеу жұмыстарына, барлық қажетті жарақтауға республикалық бюджеттен демеушілік көрсетіледі.

Естеріңізге салсақ, бұрынғы балабақшаны мектепке, одан кейін қайтадан 280 орындық мектепке дейінгі мекемеге айналдыру жөніндегі ұзақ хикая бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.

Бұл жолы қала орталығындағы ғимарат қалаға жетіспей жатқан оқу орындарының арасынан әлі де өз орнын алады деп үміттенеміз.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді түсірген автор

12 маусым, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.