Атырау, 4 қараша 05:45
 дождьВ Атырау +8.9
$ 453.26
€ 506.70
₽ 5.58

Атырауда діни заттар сататын нүктелер тексерілуде

1 059 рет қаралды

Атырау облысының бас имамы Алтынбек қажы ҰТЫСХАНҰЛЫНЫҢ тапсырмасына сәйкес, өңірге қарасты мешіттер мен діни заттар сататын дүкендердегі кітаптарды тексеру жұмыстары жүруде.

Жылыой ауданы орталық “Мұсылмандар мешіті” , “Тұрғызба” ауылдық мешіті және діни заттар сататын дүкен тексерістен өтті.

Атырау облысы бойынша діни сараптама бағытына жауапты имам МУСЛИМОВ Қанағаттың айтуынша, бұл жердегі негізгі мақсат – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

12 маусым 2024, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.