Атырау, 22 қыркүйек 00:41
 ашықВ Атырау +21
$ 479.05
€ 534.57
₽ 5.17

Жапырақ құрты улағанға азаяр емес

574 просмотра

Қала тұрғындары жасыл желктерді құрт жеп, жаз келмей сарғайып жатқанын айтып жатыр. Жеке меншік үй иелерінің бақшаларында ғана емес, қала көшелерінде де ағаштардың көбі қурап жатқаны байқалады.

Атырау қаласын көгалдандыру және жасыл желектерді күтіп ұстауға жауапты мекеме «Каспийдормостострой» ЖШС мәліметінше, жапырақтарды құрт жеуі топырақтың  құнарсыздығы мен ағаштардың иммунитеті әлсіреуінен болып отыр.  

- Жапырақты қарағаш жапырақжегіш қоңызы «кептіріп тастаған». Мекеме тарапынан жапырақжегіш құртқа қарсы тиісті шараның барлығы алынып жатыр. Қала көшелері мен саябақтардағы ағаштар күн сайын уланып жатыр. Азаймай жатқанының себебі - теректердің иммунитеті әлсіреген, сонымен қатар талдарда былтырдан қалып қойған құрттар да бар, - дейді «Каспийдормостострой» ЖШС шебер бригадирі Аслан ТАУАСАР.

Айтуынша, талдардың құртына қарсы күрес жұмыстары күнде кешкі 21:00 ден бастап жүргізіледі. Бригадада 8 техника 16 қызметкер жұмылдырылған.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАОВ

Суретті түсірген автор

11 маусым, 14:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.