Өткен жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырау қаласының жергілікті әкімдігіне өз резиденциясын балалар лагері үшін беруді тапсырған еді. Жыл жарым уақыт өткеннен кейін ол жер балаларды қабылдауға дайын ба екенін «Ақ Жайық» редакциясының тілшісі сұрастырып көрді.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айында ел президенті Махамбет ауданы Бейбарыс ауылындағы резиденциясын күрделі жөндеуден өткізу туралы тапсырма берді. Бірақ бұл 2023 жылдың басында және күтпеген жерден туындаған жағдай болғандықтан, пайдаланылмай тұрған резаденцияны ұстауға жоспарлы түрде 96 миллион 364 мың теңге және негізгі қаражат ретінде тағы 29 миллион 650 мың теңге бөлінді.
Биыл резиденция ресми түрде мәртебесін өзгерткеннен кейін басқа сома, яғни 43,7 миллион теңге бөлінді. Бұрын пайдаланылмай тұрған орын мен ғимараттарды күтіп-ұстауға ғана қаржы бөлінген еді, енді оны толықтай жөндеуден өткізіп, балалар лагеріне қажеттінің бәрімен жабдықтау қажет екенін ескерсек, бөлінген қаржыда таңданатындай өзгеріс бар. Бұл ретте, қызметкерлердің жалақысы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдары, салықтар мен коммуналдық төлемдер осы соманың есебіне кірістірілген.
2024 жылдың жазғы маусымында балаларды қабылдау бойынша қандай жұмыстар атқарылды деген «АЖ»-ның сұрағына Атырау облысының білім басқармасындағылар ештеңе жасалған жоқ деп жауап берді. Дәлірек айтсақ, «Облыстағы су тасқыны қауіпі бойынша төтенше жағдай жариялануына байланысты жаңа ғимарат салуға арналған іс-қағаздарды ресімдеу (жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу) және бұрыннан бар ғимараттарды қайта жаңғыртуға арналған дайындық жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды» деген жауап болды.
Бұл биыл да, тіпті келесі жылы да бұрынғы резиденция балаларды қабылдамайды дегенді білдіреді, өйткені жобалық құжаттаманы әзірлеу, одан кейін құрылыс салу, оны қабылдау және т.б. жұмыстар бір жылда аяқталуы мүмкін емес.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы лагерь пайдалануға беріледі деп жоспарланған болатын. Балаларға арналған 300 орындық жатақхана мен асхана, амфитеатр және бассейн салып беруді уәде еткен еді.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА