Бүгін, 10 маусымда Атырау қаласындағы Жайықтың оң жақ жағалауына тасқын судан қорғау үшін қойылған бөгеттер қайта жинала бастады.
Жұмыс барысында жүрген қызметкерлер топырақ салынған қапшықтарды әзірге бір жерге үйіп, кейін Камаздарға тиеп қала сыртына шығаратынын жеткізді.
Қапшыққа салынған топырақтар қандай да бір мақсатқа пайдаланыла ма, жағалауға бөгет салу кезінде ойылған, қираған өрнектастар қашан қалпына келтіріледі деген сұрақтарға Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы жақын күнде жауап беретінін жеткізді.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, өңірде төтенше жағдай режимі сақталуына байланысты, қала ішіндегі қолдан жасалған бөгеттерді ауқымды жинау жұмыстары әлі басталған жоқ.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суреттерді түсірген автор