Атырау, 24 қараша 07:58
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атыраудағы көгалдандырушылар жиыны қалай өтті

562 просмотра

6 маусым күні Салтанат Сарайы жанындағы алаңда атыраулық көгалдандырушылардың басқосуы өтті. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала әкімі Шәкір КЕЙКИН мердігер ұйымдардың өңірлік бригадаларына «қала аумағын абаттандыру бойынша тиісті тапсырмалар беріп, арнайы техниканың техникалық жағдайын тексерді».

Бұл ресми нұсқа. Бейресми нұсқа - көгалдандырушылар сәуір айынан бері жалақы алмаған. Әкімнің сеніп тапсырған нысандардан жұмысшыларды көрмеймін деген талабына абдырап қалды. Көгалдандырушылар әкімге негізінен жұмыстарының қаланың климаттық жағдайына байланысты таңертең және кешке болатынын түсіндіруге тырысты. Күн шыжып тұрғанда өсімдіктерді суару, отырғызу және күтім жасағанда жасыл желектер қурап кетуі мүмкін. Жұмысшылар әкімге жұмыс кестесін көрсетіп, күнделікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне атқарылған жұмыстар туралы фото және бейнематериалдар арқылы есеп беріп отырғанын жеткізді.

Жоғары оқу орнын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған әкімге көгалдандырушылар жұмыс ерекшеліктерін түсіндіре алды ма, жоқ па, белгісіз, бірақ жиыннан кейін мердігерлерге ақша аударылмаған.

Тағы бір айта кетерлігі, әкім көгалдандырушыларға шөп шабатын машиналарды, тракторларды, күрек пен т.б. техниканы көргісі келетінін айтып, оларды жиналу алаңына әкелуді сұраған. 

40 градус ыстықта жұмысшылар бригадирлері еңбекақыға қатысты мәселені айқындауға тырысты. Алайда, кездесу тақырыбы мүлдем басқа еді, оның себебін жұмысшылар соңына дейін біле алмады. Талапты естіген жұмысшылар әкімге жұмыстарды өз көзімен көру үшін таңғы 5-те және 24:00-ден кейін аралауды ұсынды. Әкіммен бірге кездесуге бірнеше депутат келіп, қаланың абаттандыру жұмыстарына көңілі толмайтынын жеткізді. Содан соң жұмысшыларды санап шықты, жүзден астам болды. Оларға жиналу орнынан кетуге рұқсат етілді. Өйткені өсімдіктерді түнде суарып, шабу керек.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

9 маусым, 23:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.