9 маусым күні сағат 00:30 шамасында Доссор-Құлсары тас жолы 92 шақырым тұсында, жүк көлігі мен Nissan Teana маркалы жеңіл автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Атырау облысы полиция департаменті.
Жол апаты салдарынан маркасы Nissan Teana автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында, ал жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қаза тапты.
Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.