Атырау, 19 қараша 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Санкт-Петербург​те ​​Атыраудағы полипропилен өндірісін талқылады

1 003 просмотра

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ресми сапармен Санкт-Петербург қаласына барды. Қор басшысы «СИБУР» Басқарма төрағасы, Бас директоры Михаил Карисаловпен кездесу өткізді, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.  

Тараптар бірлескен жобаларды, соның ішінде Атырауда қуаттылығы жылына 500 мың тонна болатын полипропилен өндіретін зауытты іске қосу жайын талқылады. Сонымен қатар, полиэтилен өндіру жобасын іске асырудың келесі кезеңдері қарастырылды. Қазіргі кезде жобалық құжаттаманы әзірлеу аяқталып, қаржыландыру көздерін қарастыру жұмыстары жүргізілуде. 

Нұрлан Жақыпов «СИБУР» компаниясын ұзақмерзімді стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. Себебі, компанияның тәжірибесі мол әрі тұрақты, болашақ өнімді өткізу мәселелері жолға қойылған. 

7 маусым, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.