Бұл туралы Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек Зұлқашев хабарлады.
Бұған дейін тасқын су кезінде бір шақырымға жуығы бүлінген асфальт жол уақытша қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді.
«Талдыкөл ауылына кірме жолдың су шайып кеткен бір шақырымға жуық бөлігіне бірнеше күннен бері қатты тас қиыршықтарын, қалдықтарын төгу жұмыстары жүргізілді. Су өткізу үшін тұрба салынды. Кірме жол уақытша қалпына келтіріліп, 6 маусым күні кешкілік толықтай ашылды. Қазіргі уақытта жолды тегістеу, нығайту жұмыстары жүруде. Бір бағытта ашылған жолмен жеңіл және ауыр көліктер қатынай алады» деді Бейбарыс селолық округінің әкімі Сейілбек ЗҰЛҚАШЕВ.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы