Атырау, 24 қараша 07:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​ТЖМ құтқарушыларының бір бөлігі Атырау облысында қалады

901 просмотра

Шымкент қаласында, Маңғыстау, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан келген ТЖМ құтқарушыларының бір бөлігі жұмыстар толық аяқталғанға дейін Атырау облысында қалады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. 

Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында 10 жеке тұрғын үйден еріген қар суын сору жұмыстары жалғасуда. Өткен аптада 4 жеке тұрғын үйден судың бағыты бұрылды. Құрғатылған үйлерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуді. Қауіпті учаскелерде бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде. Өткен тәулікте судың деңгейі төмендегені байқалады.

Республика бойынша эвакуацияланған 64 653 адам өз үйлеріне оралды. 4 645 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 11 881 жеке тұрғын үй мен 3 644 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 29,1 млн артық еріген қар суы су сорылды, 8,1 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 2 028 адам, 434 техника, 97 су сору құралы және 36  жүзу құралы жұмылдырылды.

 

 

7 маусым, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.