Атырау, 24 қараша 08:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

“Жасыл елге” қабылдау басталды

1 012 просмотра

Атырау облысында “Жасыл ел” жастар еңбек жасағының XХ еңбек маусымына 16-35 жас аралығындағы жастарды жұмысқа қабылдау басталды. 

Биыл бағдарлама аясында 1000 жасты жұмыспен қамту жоспарланған. Жастар көгалдандыру, абаттандыру бағыттарымен қоса, биыл құрылыс бағытында да еңбек ететін болады.

"Жасыл ел” ЖЕЖ 2024 жылы Атырау облысына қарасты 7 аудан және Атырау қаласына қарасты 6 ауылдық округ (Еркінқала, Дамбы, Қайыршақты, Атырау, Алмалы, Кеңөзек) аумағына ғана жұмысқа қабылдайды. Атырау қаласы бойынша жұмысқа қабылданған жастар да аталған 6 ауылдық округ аумағында жұмыс жасайды, деп хабарлады Атырау қаласының жастар ресурстық орталығы.

Орталықтың мәліметінше ”Жасыл ел” ЖЕЖ жастарды жұмысқа кезекпен тек 1 ай уақытқа қабылдайды. Маусым айында жұмыс жасаған сарбаз шілде, тамыз айларына қабылдана алмайды. 

Жұмысқа қабылдану үшін жеке куәлік,
Kaspi Gold IBAN шот (20 таңбалы нөмір), егер 18 жасқа толмаса ата-анасының рұқсат қағазы қажет. Айта кетейік жұмысқа 16 жасқа толған мектеп оқушылары да қабылданады. 

Жалақының жалпы мөлшері 85 000 тг (салықтарды шегергенде қолға алатыны 67 320 теңгені құрайды) 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

7 маусым, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.