«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Теңізшевройл» компаниясының бас директоры Кевин Лайонмен кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ТШО жұмысының ағымдағы өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, өндірістік қызмет, қазақстандық қамтуды ұлғайту, сондай-ақ кадрларды дамыту мен ұлттандыру мәселелері қарастырылды.
А. Хасенов ҚМГ үшін ТШО – ел экономикасының дамуына елеулі ықпал ететін стратегиялық актив екенін атап өтті.
Анықтама:
ТШО қызметін бастағаннан бері барлығы 570 млн тоннадан астам мұнай және 300 млрд м3 газ өндірді. Қазақстан пайдасына салық пен роялти төлемдері 125 млрд АҚШ долларын құрады.