ҚР Энергетика министрлігі Жалпыұлттық инвестициялық жобалар пулына сәйкес, 17 трлн теңге сомасына 60 жоба әзірледі.
Инвестициялық жобалардың негізгі бағыттары жаңа энергоқуаттарды енгізу, газ өңдеу зауыттарын салу, отандық мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобалар, мұнай-газ химиясын дамыту және т.б. болып табылады.
Жаңа энергоқуаттарды енгізу:
Жоспарға сәйкес, оңтүстік өңірлерде орнатылған қуаты шамамен 2,3 ГВт газ генерациялау жобалары іске асырылуда;
2024 жылы қуаты 500 МВт болатын Екібастұз ГРЭС-1-дегі бірінші энергия блокты қалпына келтіру бойынша ірі жобаның аяқталуы жоспарлануда;
Батыс Қазақстанның электр желілерін Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне қосу жобасы бойынша жұмыстар жалғасады;
2035 жылға дейінгі қабылданған елдің Энергетикалық балансына сәйкес, жалпы қуаты шамамен 26 ГВт болатын жаңа қуаттарды іске қосу және қолданыстағы қуаттарды жаңғырту жобалары іске асырылады.
Газ өңдеу зауыттарын салу:
2028 жылы пайдалануға берілетін Қарашығанақ кен орнында жылына 4 млрд м³ газ өңдеу зауыты;
2030 жылға қарай қуаты 2,5 млрд м³ болатын Қашаған кен орнында жаңа газ өңдеу зауыты;
Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд м³ болатын газ өңдеу зауыты салынуда, 2026 жылдың II тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту:
Мұнай өңдеу қуаттылығын 18 млн тоннадан 27 млн тоннаға дейін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Шымкент МӨЗ – 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін, Павлодар НХЗ – 5,5 млн тоннадан 8 млн тоннаға дейін, CaspiBitum – 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін.
Жаңартылатын энергия көздері:
2027 жылдың соңына дейін 592 МВт жасыл генерацияны іске қосу жоспарлануда.
Мұнай-газ химиясы:
Мұнай-газ химиясы саласында бутадиен және оның туындыларын өндіру қуаты жылына 339 мың тоннаға дейін, полиэтилен – 1250 мың тоннаға дейін және полиэтилентерефталат – 730 мың тоннаға дейін болатын 3 ірі жоба жүзеге асырылуда, жалпы сомасы шамамен 12,9 млрд АҚШ долларын құрайды.