Атырау, 15 қаңтар 21:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Атырауда бөгет салған студенттер министрдің алғыс хатын алды

Сурет
1 120 просмотра

Атырау қаласын тасқын судан қорғау жұмыстарына қатысқан студенттер мен олардыңата-аналары ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрдің алғыс хатын бөгет салу жұмыстарына белсене қатысқан 975 студент және ұл-қызын еңбекқорлыққа баулып, үлгі көрсеткен 242 ата-ана алды.
«Министр Атырауға келіп бөгет тұрғызу жұмысын көріп, студенттердің бірлігіне, ұйымшылдығына ризашылығын білдірген еді. Міне, 7 сәуірден бастап бөгет салу жұмыстарына белсене қатысқан студенттер мен оларды еңбекқорлыққа баулыған ата-аналарына Саясат Нұрбектің атынан алғыс хаттар табыс еттік», - деді Х.Досмұхамедов университетінің басқарма төрағасы-ректоры Саламат Идрисов.   

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты құрылған Жедел штаб шешімен оқу орны қаладан 20 шақырым қашықтықтағы Алмалы ауылдық округіне қарасты аумақта 5 шақырымға созылған бөгет тұрғызды.

6 маусым 2024, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.