Осындай атаумен Атырауда 14 маусымда Атырау мен Астрахан облыстарының этномәдени бірлестіктерінің V халықаралық фестивалі өтті.
Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН Астрахан облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Лариса ЕЛДЫШЕВА бастаған ресейлік делегацияны қабылдады. Ол Астрахан облысында көптеген этникалық топтардың өкілдері тұратындығын, орыстардан (618 мың адам) кейін саны бойынша қазақтардың (150 мың) екінші орында тұрғанын әңгімеледі. Қазақтар бүкіл халықтың 16 пайыздан астамын құрайды және өңірдің барлық аудандары мен қалаларында дерлік тұрады. Бұл - жалпы Ресей бойынша ең ірі көрсеткіш. Бұл жерде 39 ұлттық мәдени қоғамдар қызмет етеді. Атырау облысында 30-дан астам этникалық топтардың өкілдері мекендейді,17 ұлттық мәдени орталықтар тіркелген. Көп ұзамай, Атырауда, Шыңғыс Мұқанның айтуынша, Достық үйінің негізі қаланбақ: ғимарат таңдалып қойылған, жөндеуге қаржы бөлініпті.
Түстен кейін М.Өтемісұлы атындағы драма театрында жергілікті және ресейлік халық ансамбльдерінің қатысуымен концерт өтті.
Зульфия ИСКАЛИЕВА