Словакия премьер-министрі Роберт Фицо ауыр жарақат алған қастандықтан кейін алғашқы бейнеүндеу жасады. Ол шабуылдаушыны жек көрмейтініне сендірді, деп хабарлайды KAZINFORM Euronews басылымына сілтеме жасап.
Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо желіде бейнеүндеу жариялады. Бұл – оның үш апта бұрын -қастандық жасалған кезде ауыр жарақат алғаннан кейінгі алғаш рет жұрт алдына шығуы.
Еуропарламент сайлауы қарсаңында өзінің Facebook парақшасында жарияланған бейнеде Фицо шабуыл оның денсаулығына ауыр зиян тигенін және егер ол бірнеше аптадан кейін жұмысқа оралса, бұл «кішкентай ғажайып» болатынын айтты.
Еске сала кетсек, қастандық 15 мамырда Р.Фицоға Словакияның Гандлов қаласында үкіметтің көшпелі отырысы өткеннен кейін халық алдына шыққан кезде жасалды.
Сот премьер-министр Роберт Фицоның өміріне қастандық жасады деген күдікке ілінген 71 жастағы зейнеткер және «Озық Словакия» оппозициялық либералдық партияның жақтаушысы Юрай Цинтуланы қамауға алды.
Премьер-министр маусым мен шілде айларының тоғысында жұмысқа оралады деп жоспарланған және ол шабуылдаушыны «жек көрмейтінін» айтты.
«Мен оны кешіремін», - деді Роберт Фицо.