Өткен демалыс күндері Ыстамбұлдың батысында төрт қабатты үй құлады. Оқиға орнында қазақстандықтар бар ма, бұл туралы ақпарат Сыртқы істер министрлігінде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз түрік билігінен ақпарат сұраттық, қаза тапқан және зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ», - деді Қазақстан СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.
Құтқарушылар қиранды астынан бірден жеті зардап шегушіні шығарып алды, бір адам қаза тапты.