Теңіз кен орнындағы жобаның аяқталуына байланысты босатылған жұмысшы, ал қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысатын Мейрамбай Тағашев өз жерлестерін дәмді ет өнімдерімен қамтамасыз етуде. Құлсарылықтар оның дүкенінен ет сатып алу үшін кезекте де тұрады.
Кәсіпкер Мейрамбай Жылыой ауданы Тұрғызба ауылында дүниеге келген. Ол 2004 жылы колледжді тәмамдағаннан соң, Теңіз кен орнына жұмысқа орналасты.
- Он екі жылдан астам уақыт бойы Теңізде жұмыс істеп, көп нәрсені үйрендім. Мен үшін Теңіздің басты ұраны: «Егер жұмыс істесең, бәрі де болады». Мен әлі күнге дейін осы қағиданы ұстанып келемін. Бірақ сізде бәрі болуы үшін сіз өзіңіздің де, жақындарыңыздың да қауіпсіздігіне назар аудара отырып, сапалы жұмыс атқаруыңыз қажет. Егер Қазақстанда ешқандай ресми іс-шара еліміздің әнұрансыз басталмаса, ал Теңізде - қауіпсіздік техникасының нұсқауынсыз ешқандай жұмыс басталмайды, – дейді Мейрамбай.
Мейрамбай Теңіз кен орнында «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС қарапайым жұмысшыдан бастап, супервайзер деңгейіне дейін өсті. Ал, 2012 жылы ол «Арктик» ЖШС және басқа кәсіпорындарынан жұмысқа шақыру алып, соңыра әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Бірақ 2016 жылы өз еркімен жұмыстан шығып, кейін Тұрғызба ауылында шағын ет дүкенін ашты. Үш жылдан кейін ол Құлсарға көшіп, сол жерде де өзінің бизнесін жалғастырды.
- Негізі, Теңізде көп нәрсені үйренуге болады. Мысалы, мүлдем таныс емес адамдармен ортақ тіл табуға болады. Мүмкін, осы қасиеттің арқасында мен бизнес әлеміне келіп, өз дүкенімді аштым. Бастапқы кезде менің жағдайым жақсы болды, өзімнің тұрақты сатып алушыларым болды. Алайда, пандемия кезінде қиындықтар туындап, мен Теңізге оралу туралы шешім қабылдадым, – деп баяндайды Мейрамбай.
Пандемия кезінде Мейрамбай ССЕР компаниясына жұмысқа орналасып, бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін жобаның аяқталуына байланысты демобилизацияланған болатын. Осыдан кейін ол бизнес әлеміне екінші қадамын жасап, Құлсарыда өз дүкенін ашты.
- Әлеуметтік желілерден ТШО қолдауымен «Таңдау» бағдарламасына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы білдім. Мен барлық іріктеуден өтіп, қажетті жабдықтарды сатып алу үшін 4 500 000 теңге көлемінде гранттың иегері атандым, – дейді Мейрамбай.
- Мен өмір бойы Теңізде жұмыс істедім, енді міне сол жұмыстың арқасында өз бизнесімді кеңейтудемін. Демобилизацияланған кезде, мен оған уайымдамадым, керісінше, оны жаңа сынақ ретінде қабылдап, мүмкіндікті пайдаландым. ТШО-дан басқа, біздің мемлекет жұмыссыз тұрғындарға түрлі гранттар мен несиелер береді. Тек іздеп, қарау керек. Егер жоба аяқталса, Теңізде жұмысшыларды бос ұстамайды. Сондықтан әрі қарай жүру керек, – дейді Мейрамбай.
Мейрамбай - табысқа ұмтылатын, бағытты өзгерту мен жаңа сын-қатерлерді қабылдауды талап етсе де, мүмкіндіктерді пайдалануға дайын тұланың үлгісі. Оның тарихы нағыз өмір жайлы зонаның аяқталған жерінен басталатынын дәлелдейді.