Атырау, 22 қараша 13:42
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Германия канцлері Мәскеуге НАТО өзін қорғауға дайын деп ескертті

466 просмотра

Германия канцлері Олаф Шольц 2 маусымда "Шығыс Германия экономикалық форумында" НАТО қажет болған жағдайда өзін қорғауға дайын екенін айтып, Мәскеу мұны нақты түсінуі керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Осы іс-шараға Шольцпен бірге Литва премьер-министрі Ингрида Шимоните де қатысты.

Германия үкіметінің басшысы НАТО-ның Ресеймен шекарадағы Балтық елдерінде болуына Берлин жетекші рөл атқарғанын айтты. "Ресейден қатер төніп тұрған соң басқа одақтастармен бірге былтыр Балтық жағалауы елдеріне қосымша бөлімшелер орналастыруды ұйғардық" деді Шольц.

Канцлердің айтуынша, НАТО болашақта осы аймақта тұрақты түрде тұтас бригада ұстауды жоспарлап отыр. "Қауіпсіздік саясатындағы бұл өзгеріс Ресейге НАТО аумағының әрбір шаршы метрін шабуылдан қорғауға дайын екен көрсетуге қажет", – деді Олаф Шольц.

Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Украина армиясына Ресей аумағына алыс қашыққа жететін қару қолдануға салған тыйымды алып тастау жөніндегі пікірталасты мұқият бақылап отырғанын айтқан. "НАТО елдерінің өкілдері, әсіресе Еуропадағылар, шағын елдер немен ойнап отырғанын түсінуі керек. Олар аумағы жағынан кішкентай екенін және халқы тығыз орналасқанын есте ұстауға тиіс. Ресейге шабыл жасау туралы бірдене айтпас бұрын осыны білу керек", – деді Путин 28 мамырда журналистермен сөйлескенде.

31 мамырда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Солтүстік Атлантика одағы мұндай қоқан-лоқыны Ресейден бірнеше рет естігенін және өзін қорғауды қақтығысты өршіту деп санауға болмайтынын мәлімеді. Бұл туралы ВВС-дің Орыс қызметі хабарлады.

3 маусым, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.