Атырау, 23 желтоқсан 19:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ішімдік ішкен жүргізуші көлік тізгіндеп жүр

889 рет қаралды

Атырау қаласы аумағында 1-10 маусым аралығында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Іс-шараның бір күнінде бұрын көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарған жүргізуші анықталып, оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталды. Сонымен қатар, алкогольдік масаң күйде көлік басқарған 4 көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 608-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталып, мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды. 

Одан бөлек, жолдың қарсы бағытына шығу деректері анықталып, жүргізуішілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 596-бабы бойынша іс-құжаттар жинақталды.

3 маусым 2024, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.