Соңғы бес күннен бері Х. Ерғалиев - Таңдай бағытындағы жолды су басу жағдайы сақталып отыр, деп хабарлайды Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы.
Судың көп мөлшерде келуіне байланысты, топырақтың да, асфальттың да жоғары деңгейдегі ылғалдылығы байқалуда.
Жазатайым оқиғаларды болдырмау мақсатында, аталмыш жолда жүк машиналарының қозғалысына шектеу енгізілді.