Атырау, 24 қараша 09:33
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жем өзеніне батып кетті

Бейнежазба
650 просмотра
Көрнекі сурет

2024 жылы 2 маусымда Атырау облысы ТЖД құтқарушылары күшімен Құлсары қаласына 20 км шақырым жердегі Жем өзенінің жайылмасынан 1988 жылғы азаматтың денесін судан шығарды. 

Куәгерлердің айтуынша, ер адам балық аулау кезінде суға батып кеткен. 

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Осыған байланысты Атырау облысы ТЖД су тасқыны кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға және шомылу маусымы басталғанға дейін суға түспеуге шақырады.

Қазіргі уақытта Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуі және тасуы салдарынан ағыспен келген қоқыстар, ағаш қалдықтары және басқа заттар қауіпті болып саналады.

ЖАСӨСПІРІМДІ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ

Айтпақшы, 2 маусымда түскі уақытта облыстық аурухана маңында Атыраудың екі тұрғыны қауіпке қарамастан суға батып бара жатқан жасөспірімді құтқарып қалған. Қатты ағысқа қарамастан, жігіттер кәмелетке толмаған баланы судан алып шықты. Жасөспірім аман қалды.

Атырау облысы ТЖД «АЖ» сауалына жауап бере алмады, себебі бұл оқиғаға байланысты құтқару қызметіне қоңырау түспеген. Алайда әлеуметтік желіде баланы құтқарған кездегі видео тарап жатыр.

Қала тұрғындары ержүрек екі жігітке құрмет көрсетіп, марапаттауды талап етуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 маусым, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.