"Атырау-Таңдай-Хамит Ерғалиев" жолындағы қорғаныс бөгеттерінің алынуына байланысты жолды су басуда.
Штабтың хабарлауынша мұндай шешімге Таңдай ауылы мен "Коровник" қыстауын су басудан аман алып қалуы үшін өр суының жолдың екінші бетіне шығаруынан туындаған..
- Махамбет, Индер аудандары осы жолмен Атырау қаласына шығатын едік. Су күшейіп тұр. Көлігіміз су кешіп өтуде. Бұл көлікке зиян, басқа амалымыз қалмай тұр. Егер басқа бір шарасын алмаса қатынас болмай қалуы мүмкін,-дейді индерліктер.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған видео