Атырау, 19 қараша 16:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

808 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Лондон қор биржасында мұнай бағасы төмендеді. Сауда-саттық деректеріне сәйкес, елорда уақытымен 9:44-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайының шілдедегі фьючерстері 2,35 пайызға құлдырап, барреліне 81,63 долларға жетті, деп хабарлайды KAZINFORM

WTI мұнай фьючерстерінің бағасы шілде айында 2,03 пайызға төмендеп, барреліне 77,62 долларды құрап отыр. 

29-мамырдағы көрсеткіш жоғары. ICE Brent CrudeFutures мұнай фьючерстерінің шілде айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 84 доллардан асты, ал WTI-дегі фьючерстерде барреліне 80 доллардан жоғары болды. 

Бүгінде трейдерлер Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отыр. 2 маусымда өтетін ОПЕК+ елдері өкілдерінің кездесуінде Алянс мұнай өндіруде қолданыстағы шектеулерді ұзартады деп күтілуде. 

31 мамыр, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.