«QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «UCC Holding» («Power International Holding» еншілес ұйымы) басшылығымен бірлескен жобалар бойынша кезекті жиналыс өткізді.
Тараптар Қашаған кен орнындағы қуаты жылына 2,5 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауыты жобасын жүзеге асыру, сонымен қатар, қуаты жылына 1 млрд текше метрді құрайтын газ өңдеу зауытының құрылыс барысын талқылады.
Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған жобалар бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға келісті.