2024 жылғы 30 мамырда сағат 21:15-те Атырау қаласы Уәлиханов көшесіндегі мейрамханалардың бірінде түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
Өрт сөндіру бөлімшелері жеткен кезде екі қабатты көпфункционалды кешеннің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт салдарынан 25 ш.м. шатыр опырылған.
Өрттің ауданы - 280 шаршы метр. (Ғимараттың жалпы ауданы - 2750 шаршы метр). Өрт сағат 22:30-да оқшауланып, 22:40-та өшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге 58 адам, 13 техника жұмылдырылды.