Атырау, 24 қараша 08:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Нұрсаяға жету оңайырақ болады

861 просмотра

23 мамырдан бастап Атырау қаласында 30 маршрут енді Құрманғазы көшесіне бұрылмай, академия аялдамасынан тіке әуежайға қатынайды. 

Бұл Нұрсая ықшамауданына қатынайтын №4 және 30А маршруттарындағы жолаушылар ағынын азайту мақсатында жасалды, деп хабарлайды «SmartAtyrau» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. 

- Бұған дейін таңертеңгі және кешкі қарбалас уақытта Нұрсая ықшамауданына қатынайтын автобустарға жолаушы сыймай қалып жататын. Сонымен қатар бұл әуежай мен халыққа қызмет көрсету орталығынан қатынайтын атыраулықтардың жол жүруін жеңілдетеді. Жаңа маршрут Нұрсая мен ықшамауданына кірмей, Әбілхайыр хан даңғылы арқылы әуежайға тікелей қатынайды, – дейді «SmartAtyrau» директоры Арслан АРОНОВ.

Енді №30 маршруттағы 8 автобус келесідей бағытта жүреді:

1-бағыт: Авангард – Жеңіс саябағы –Владимирский көшесі - Құрманғазы көшесі - Ғұмаров – Жилгородок – Азаттық – Сәтпаев даңғылы – Әуежай – Академия –Құрманғазы көшесі- Авангард. 

2-бағыт: Әуежай – Сәтпаев даңғылы – Азаттық даңғылы – Жилгородок –Владимирский көшесі - Авангард - Жеңіс саябағы - Владимирский көшесі – Құрманғазы көшесі – Академия – Әуежай. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

31 мамыр, 01:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.