Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк 53 жасында қайтыс болды.
Актриса ұзаққа созылған дерттен кейін қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Құрметті достар! Бұл жағдайды қабылдау және мұндайда бірдеңе айту қиын. Біздің Настя ұзаққа созылған ауыр дерттен кейін бүгін түнде өмірден өтті. Шын жүректен жақсылық тілеп, оған денсаулық сұрап, сенген әрбіріңізге алғыс айтамыз. Настя әрқашан сіздердің қолдауларыңызды сезінді және жоғары бағалады. Біз бүгін кешке онымен қоштасу орны мен уақыты туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
30 мамыр, 11:47