29 мамырда Құлсары қаласында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Атырау қаласы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау сержанты, 2001 жылғы Рақым БЕЙБАРЫС бақилық болған.
Алдын ала болжам бойынша, 23 жастағы өрт сөндіруші Құлсары қаласында су сору жұмыстары кезінде қаза болған.
Бейбарыс Жалғасбайұлы азаматтық қорғау органдарында 2021 жылдан еңбек етеді. ТЖМ марқұмның отбасына жан жақты қолдау және көмек көрсетпек. Бейбарыстың артында ата-анасы, бауырлары, жары қалды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА