Атырау, 24 қараша 08:56
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​Атырау облысында қару қабылдау акциясы жүріп жатыр

898 просмотра

Атырауда қару қабылдау акциясы аясында азаматтардан 36 атыс қаруы қабылданды. 

Азаматтық атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 22 сәуірден бастап облыс аумағында халықтан заңсыз атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өтіп жатыр. Акция барысында азаматтардан 36 атыс қаруы мен 76 оқ-дәрі қабылданып, қазіргі уақытта тиісті құжаттары жасақталуда.

Айта кетейік, мемлекет азаматтардың өз еріктерімен өткізген әрбір қару мен оқ-дәріге, жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгілеп отыр. Өз еркімен тапсырған азаматтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай ақ, Атырау облысы полиция департаменті қару мен жарылғыш заттарды қауіпсіз тасымалдау үшін «102» телефонына хабарлауды ескертеді.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 мамыр, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.